Ресейдің Тольятти қаласындағы «АвтоВАЗ» зауытының жұмысы толығымен тоқтады, деп хабарлайды Forbes.kz «Автостат» сарпатама агенттігіне сілтеме жасап. Үш құрастыру желісінде де өндіріс толығымен тоқтады, деп жазады агенттік.
Кәсіпорынның кәсіподағы да бұл мәліметті растады. Зауыт тоқтап қалғандықтан жұмыскерлеріне жалақыларының үштен екісін төлемек.
«Автостат» мәліметінше, соңғы рет зауыт LADA Granta көлігін 9 қарашада құрастырса, LADA Largus, XRAY, Renault Logan және Sandero көліктерін 8-11 қараша аралығында құрастырған. Ал LADA Niva көлігі бұл аптада мүлде жасалмады. LADA Vesta көлігін жасайтын «LADA Ижевск» зауытында жұмыс қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
«Автостат» мәліметіне сүйенсек, «АвтоВАЗ» зауытына маусым айында "Роберт Бош Самара" компаниясынан электроника келмей қалып жұмыс кідіріп қалған еді.