Тамыз айындағы несие нарығының көрсеткіштері әртүрлі бағыттағы динамиканы көрсетті. Жалпы берілген қарыз көлемі аздап төмендегенімен, ипотекалық несие айтарлықтай өскен.

Автонесие азайды

Бөлшек сегмент бойынша жалпы несие беру көлемі шілдемен салыстырғанда бірнеше пайыз азайып, 1,6 трлн теңгені құрады.

Автонесиелер бір айда 15% төмендеп, 223 млрд теңгеге дейін түсті. Бұл өткен жылдағы белсенді динамикаға қарамастан, секторда баяулау бар екенін көрсетеді.

Тұтынушылық несиелер (кепілсіз) – 942 млрд теңге, яғни шілдеден 2,1% аз.

Ипотекалық несие: рекордтық ай

Керісінше, ипотека сегментінде айтарлықтай өсім байқалды. Тамызда 321 млрд теңгеге несие берілді, бұл бір айда 33% өскен. Қарыз алғандар саны – 14,3 мың адам (+14,5% м/м). Бір клиентке шаққандағы орташа сома 22,2 млн теңгеге жетіп, 15% артты.

Нәтижесінде ипотекалық портфель 1 қыркүйекте 7,2 трлн теңгеге жақындады, ал жалпы қарыз алушылар саны – 632 мың адам.

Бизнесті несиелеуде тұрақтылық басым

Кәсіпорындарға берілген қарыз көлемі шілдемен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ – 2 трлн теңге шамасында. Оның ішінде 1,85 трлн теңге – заңды тұлғаларға берілді. Бұл 0,9% өскен.

Жеке кәсіпкерлерге берілген қарыз көлемі азайып, 200 млрд теңгеге жетпеді (−5,6%).