2021 жылы микрочиптер тапшылығынан әлем бойынша автокөлік өндірісі күрт төмендеп кеткені белгілі.
Нәтижесінде Ford Motor концерні өндірісі 26%, General Motors 21%, Volkswagen Group 13%, Stellantis 13%, Renault, Nissan және Mitsubishi 10% азайды.
Тек Toyota Motor ғана өндірісті көбейте алды.
Ал микроэлемент шығаратын компаниялардың өндісі біртіндеп қалпына келе бастады. LMC Automotive сарапшыларының пікірінше, 2022 жылдың үшінші тоқсанында микрочип өндірісі толықтай қалпына келмек.
Нәтижесінде көлік сатылымы Еуропада 7%, Солтүстік Америкада 6 %, Қытайда 5%, Оңтүстік Америкада 9%, Азияда 7% көбеймек.
Қазақстанға келер болсақ, карантин кезінде де елде жаңа көлік саудасы көбеймесе азайған жоқ. 2021 жылы елде 117 590 жаңа көлік сатылды. Бұл 2020 жылдағыдан 25.9%, ал коронодағдарысқа дейінгі 2019 жылдан 56.4% көп.