2023 жылдың мамырында Қытайда ең көп сатылатын жеңіл көліктердің үздік ондығына қытайдық бірден 4 бренд кірді. Оның үстіне көш басында қытайлық BYD екенін айта кету керек: 228,1 мың автокөлік сатылды – 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда бірден 2 есе көп. Changan 4-орында: 118,5 мың автокөлік, 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда 42% өскен. 6 және 7-орындарда сатылымы 61% өсіп 99,4 мыңға жеткен Chery және сатылымы 31% көбейіп 81 мыңға жеткен Geely тұр.

Мамырда ең көп сатылған бестікке жергілікті BYD және Changan-дан басқа Volkswagen (172,1 мың автокөлік), Toyota (142,5 мың) және Honda (101,8 мың) кірді.

Мамырда Қытайда барлығы 2,1 млн-ға жуық жеңіл автокөлік сатылды, бұл 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда 26% көп.

Қытайдағы ең танымал 4 қытайлық көліктің 3-еуі Қазақстанда ресми түрде сатылуда. Сонымен қатар, биыл мамырда Қазақстан нарығындағы сатылым бойынша 4, 5 және 6-орындарды 665, 626 және 517 автокөлікпен Chery, Haval және Changan брендтері иеленді. Анықтама үшін: мамырда Қытайдың ішкі нарығында 55,6 мыңнан астам Haval көлігі сатылды.

Биыл мамырдағы сатылым көлемі бойынша Қазақстандағы 10 жеңіл көліктің қатарына қытайлық Exeed (379 автокөлік) және Geely (258 автокөлік) кірді.

Мамырдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда шығарылатын жеңіл автокөліктердің маркалары көш бастап тұр: Hyundai (4,3 мың жеңіл автокөлік), Chevrolet (3,3 мың) және Kia (2,2 мың).

Жалпы, 2023 жылдың мамырында ҚР-да 14,7 мың жаңа автокөлік сатылды, бұл 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда бірден 77,2% көп. Оның 95%-ға жуығы жеңіл автокөлік.

Қазақстан нарығындағы қытайлық брендтердің үлесі қарқынды өсуде: биыл мамырда сатылған барлық жаңа көліктердің 19,5%-ы қытайлық брендтерге тиесілі болды. 2025 жылы барлық модельдерді 100% дәнекерлейтін және бояйтын қуаттылығы жылына 90 мың автокөлік шығаруға жететін Chery, Changan және Haval автокөліктерін құрастыратын мультибрендті зауыт (60%-ы ТМД елдеріне экспортқа арналған) ашылғанда қытайлық көліктердің үлесі көбейеді деп күтіледі. 

Айта кету керек, Қытайдың ішкі нарығында Changan және Chery автокөліктері өндірісі тек биыл мамырда тиісінше 102,8 мың және 95,1 мыңды құрады және ҚХР-да жасалған көлік маркалары арасында 4 және 6-орындарды иеленді. Сондай-ақ Haval автокөліктерінің 56,8 мыңы өндірілді, бұл брендке биыл мамырда Қытайдағы автокөлік өндірушілері арасында алғашқы ондыққа кіруге мүмкіндік берді.

Жалпы, Қытайдағы өндіріс 2023 жылдың мамыр айында 2 млн-ға жуықтады, бұл 2022 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 19% артық. Шығарылған автокөліктер саны бойынша көшбасшы қытайлық BYD (234,6 мың), одан кейін Volkswagen (170,6 мың автомобиль) және Toyota (140,6 мың) тұр.

Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қытай тарихта алғаш рет автокөлік экспорты бойынша Жапония мен Германияны басып озып, көшбасшы болды. Елден 1,1 млн-ға жуық автокөлік экспортталды.

Ал биыл қаңтар-сәуірда Қытай 1,4 млн-ға жуық жаңа көлік экспорттады. Қазақстандықтарға таныс брендтер арасында қаңтар-сәуірде ірі экспорттаушылардың арасында Chery (2-орын), Changan (4-орын), Geely (5-орын), Haval бренді кіретін Great Wall Motors (6-орын) және Jac (8-орын) кірді.

Қазақстанға келетін болсақ, республикада қытайлық автокөліктерді шығаратын жаңа зауыттардың салынуы ҚР-да жаңа автокөліктерге деген сұранысты өтеп қана қоймай, еліміздің экспорттық әлеуетін арттырады.