Тапшылық салдарынан автогаз бағасы бензин бағасымен теңесуі мүмкін, деп есептейді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
«Болашақта автокөліктерді газға көшіру осындай қарқынмен өсетін болса, онда қысқа мерзімде өңдеу қуаты жеткіліксіз болады. Сұйытылған мұнай газын импорттауға мәжбүр болатын кезең болады, ал бұл мүлдем басқа баға, яғни бензин бағасымен теңеседі», - деді.
Оның айтуынша, бағаның өсуі жанармай тапшылығынан болып отыр.
«Нарықта орны толмайтын тапшылық болады. Сондықтан біз министрлік ретінде бұл туралы айтуға мәжбүрміз және қоғамға, автокөлік жүргізушілеріне, тұтынушыларға мемлекет қазірдің өзінде жанармайдың бұл түріне қатысты күрделі проблемаларды бастан кешіріп жатқанын ашық айтуымыз керек. Ал бұл мәселе қысқа мерзімде шешілмейді», - деді Сатқалиев.
Оның айтуынша, елімізде сұйытылған мұнай газын тұтынудың күрт артуы автокөліктерді көбіне жартылай қолөнер әдісімен жаппай шығарылатын газға ауыстырумен байланысты.
«Сұйытылған мұнай газын өндіруден түсетін бастапқы қалдық тоғыз айда 25% өсті, қосымша газ табуымыз керек. ТШО компаниясымен келіссөз жүргіздік, олар ішкі нарыққа қосымша айына 10 мың тонна өнім берді. «ҚазМұнайГаздың» барлық көлемін ішкі нарыққа толығымен шығардық. Соның арқасында теңгерімге қол жеткізіп жатырмыз», – деді Энергетика министрлігінің басшысы.
Сонымен қатар, ол автокөлікті газға қолдан ауыстырудан туындайтын тәуекелдерді еске салды. Атап айтқанда, бұл ауамен әрекеттесу кезінде адам үшін қауіптіліктің төртінші класындағы затқа жатқызылған автогаздың тұтану мүмкіндігі.
«Сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа шығару үшін оны экспорттауға толық тыйым салып қойғанбыз. Яғни, қазір біз автокөлік жүргізушілеріне автокөліктерді газға көшіруді ұсынбас едік. Мүмкін бұл қолдан ауыстыруды шектеу үшін, толық тыйым салуға дейін басқа да шаралар қабылданады», - деді Сатқалиев.
Ол сондай-ақ сұйытылған мұнай газын мұнай-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде әлдеқайда тиімді пайдаланатынын еске салды.
Автокөлік отыны ретінде пайдаланылатын сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы бағасы біртіндеп литріне кемінде 110 теңгеге дейін, яғни оны өндіру құнының деңгейіне дейін көтеріледі», - деген еді бұған дейін министр.