2021 жылдың қаңтар-қазан аралығында автокөлік және қалалық электр көлігі тасымалының табысы былтырғыдан 24,1% көбейіп 247 млрд теңгеге жетті.
Соның ішінде басым бөлігі, яғни 171,4 млрд теңге жүк тасымалына тиесілі. Бұл сегмент былтырғыдан 18,2% өскен.
Автобуспен жолаушылар тасымалы 66,3 млрд теңге, такси қызметі 3,5 млрд теңге, трамвай мен троллейбус табысы 1,4 млрд теңгеден келді.
Жыл басынан бергі тоғыз айда жолаушылар тасымалы 24,9% азайып 5,7 млрд адамды құрады. Салыстыру үшін айта кетейік, 2020 жылдың алғашқы тоғыз айында көрсеткіш 7,6 млрд адамды құраған еді. Алдыңғы жылғыдан 61,1% аз. Оның алдында 2014-2019 жылдар аралығында көрсеткіш тұрақты көбейіп отырды.
Жолаушылар айналымы да екінші жыл қатарынан төмендеуде. Биыл жолаушылар айналымы 61 млрд, былтырғыдан 26,4% аз.
Жүк тасымалы да екінші жыл қатарынан төмендеуде.
2021 жылдың тоғыз айында 2,6 млрд тонна жүк тасымалданды. Былтырғыдан 2,4% аз. 2020 жылдың қаңтар-қазан аралығында жүк айналымы алдыңғы жылдағыдан 7,9% азайып 2,7 млрд тонна болды.
Биыл жүк айналымы 3,3%, азайды.
Такси бағасы Түркістан облысында 28,2%, Қостанай облысында 17,3%, Маңғыстау облысында 13,4% қымбаттады.