Биыл қаңтар-сәуір айларында ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 196,5 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 29,3% артық. Саладағы күрделі салымдардың нақты көлемінің нақты өсімі 26,5%-ды құрады.

Инвестициялардың барлық дерлік көлемі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына, аңшылыққа және осы салалардағы қызмет көрсетуге: жалпы күрделі салымның 98,1%-ы немесе 192,8 млрд теңге бөлінеді. Ақшаның жылдық өсімі 28,6%. Ал балық аулау 3,7 млрд теңге, орман және ағаш кесуге 19,9 млн теңге бөлінді.

Анықтама үшін: 2022 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция көлемі бір жылда 6,8% азайып, 152 млрд теңге болған. 

Өңірлер бойынша инвестицияның ең көп көлемі Солтүстік Қазақстан облысына түсті: 48,9 млрд теңге – былтырғы қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда құндық мәнде бірден 51,4% көбейді. 

Қостанай (25,4 млрд теңге), Павлодар (24,6 млрд теңге) және Ақмола (24,4 млрд теңге) облыстары да алдыңғы қатарда.

Салаға салынған инвестицияның басым бөлігі кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен қамтамасыз етілді: 143,4 млрд теңге – былтырғымен салыстырғанда 34% көп. 

Банктік емес несие есебінен 46,4 млрд теңге (бір жылда 39,2% көбейген), банк несиесі есебінен 6,7 млрд теңге (бір жылда 42,4% азайған) салынды. Жергілікті бюджет есебінен бір жыл бұрын 2,9 млн теңге болса, биыл 19,8 млн теңге инвестицияланды.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, топырақтың ылғалдылығын толтыру жұмыстары дер кезінде жүргізілген. Қазір алқаптарда егіс науқаны жүріп жатыр, оны да белгіленген агротехникалық мерзімде аяқтау жоспарлануда.

«Болжам жақсы, бізде орташа жылдық өнім өте жақсы болады деп ойлаймыз. Біз 21 млн гектарға жуық дәнді-бұршақты дақыл, сондай-ақ 16 млн гектарға бидай егілді», — деді министр.