2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығын күшіне енгізу жоспарлануда.
Құжат жобасы Ашық үкімет сайтында 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.
Атап айтқанда өзгерістер мынадай:
1. «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында: 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:
1) бір гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың. теңге:
1) суарылмайтын егістікке: 50-ге дейін – 1 балл; 50-ден 70-ке дейін – 5 балл; 70-тен 90-ға дейін – 10 балл; 90-нан 110-ға дейін – 15 балл; 110-нан жоғары – 20 балл;
2) суарылатын егістікке (суарылатын жерлер): 200-ге дейін – 1 балл; 200-ден 300-ге дейін – 5 балл; 300-ден 400-ге дейін – 10 балл; 400-ден 500-ге дейін – 15 балл; 500-ден жоғары – 20 балл.
3) жайылымдық және шабындық алқаптарға: 5-ке дейін – 1 балл; 5-тен 10-ға дейін – 5 балл; 10-нан 20-ға дейін – 10 балл; 20-дан 30-ға дейін – 15 балл; 30-дан жоғары – 20 балл. Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жер учаскесін алу кезінде олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.».
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.