Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-қазанда былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 103,1% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 505184 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,2% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 496269 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 387682 құрады, оның ішінде 378960 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы қазанда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 117,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 21,2%, азық-түлік емес тауарларға – 16,0%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 12,6% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы қазанда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 10% өсті.
Әлеуметтік сектор
2022 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 152612 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қыркүйекке қарағанда 17,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде өзгеріссіз қалды.
2022 жылғы қазанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы қазанның соңына 238,2 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,6%.