2021 жылғы қаңтар-қарашадағы экономикалық өсім өткен жылдың 11 айымен саоыстырғанда 4,1% өсті.
2021 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11252,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 2,7% артық.
2021 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 33125,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 3,3% артық.
Өсім кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (0,8%), өңдеу өнеркәсібінде (5,2%), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау және ауа баптауда (5,8%), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (8,9%) байқалады.
2021 жылғы қаңтар-қарашада ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 7005,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 2,5% кем.
2021 жылғы қаңтар-қарашада құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 4596,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 6,2% артық.
2021 жылғы қаңтар-қарашада «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,4% құрады.
2021 жылғы қаңтар-қарашада жүк айналымының көлемі 539,4 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 1,1% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 94,9 млрд. ж-км құрап, 7,4% кеміді.
2021 жылғы қаңтар-қарашада «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 112,9% құрады.
2021 жылғы қаңтар-қарашада «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 109,7% құрады.
2021 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауда көлемі 11654,9 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-қарашада көтерме сауда көлемі 25332,4 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 111,2% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 82183,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар- қазанмен салыстырғанда номиналды мәнде 14,1% көбейді, оның ішінде экспорт – 49094,3 млн. АҚШ долларын (23,5% көп, номиналды мәнде), импорт – 33089,2 млн. АҚШ долларын құрады (2,4% көп, номиналды мәнде).
2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 481332 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,2% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 472384 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 351103 құрады, оның ішінде 342397 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы қарашада 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,8% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 9,2%, азық-түлік емес тауарларға – 7,8%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 6% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы қарашада 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 45% өсті.
2021 жылғы қазанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 127720 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қазанға қарағанда 0,5% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 7,7% төмендеді.
2021 жылғы қарашада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 249349 теңгені құрады.
2021 жылғы қарашада жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы қарашаның соңына 174,2 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,9%.