2024 жылдың бірінші жартысында Қазақстанның азаматтық авиациясы айтарлықтай өсім көрсетті. Жолаушылар ағыны 15% артып, 6,8 млн адамға жетті. Жаңа халықаралық рейстер ашылып, бағыттар 33 елге дейінгі кеңейтілді.
Әуе компаниялары паркі 5 ұшақпен толықтырылды.
Алматы қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталып, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ биыл Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары басталды, ол жоспар бойынша 2025 жылы аяқталады.