2022 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 019 мәміле тіркелді, мамыр айымен (30 500) салыстырғанда көрсеткіш 1,7% артты, деп хабарлайды Статистика бюросы.
Мәмілелердің саны бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр, тиісінше 4 410 және 3 850 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір Солтүстік Қазақстан облысы - 686.
Сонымен қатар маусым айымен салыстырғанда Шығыс Қазақстан (-11%), Атырау (-9,1%), Батыс Қазақстан (-7,4%), Қарағанды (-5,4%) және Маңғыстау (-4,3%) облыстарында мәмілелер санының төмендеу қарқыны сақталуда.
Қазақстандықтарды көбіне көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырады, онда барлығы 21 388 мәміле жасалған. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие, маусымда 8,2 мың 2-бөлмелі, 7,4 мың 1-бөлмелі пәтер рәсімделді.
Жеке үйлер бойынша 9 631 мәміле рәсімделді. Жеке үйлерді өзге аймақтарға қарағанда Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбірек сатып алады.
2022 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 42,6% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы маусыммен салыстырғанда ең көп төмендеуі Атырау облысында тіркелді – 64,8%.