2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10% өседі. Үкімет тиісті қаулыға қол қойды.
«2026 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынып жатқан төлем көлемінен 10% арттырылсын», – делінген құжатта.