Астық, ұн, нан айтарлықтай қымбаттады

Қараша айының бірінші аптасында жыл басынан бері алғаш рет әлеуметтің маңызды азық-түлік бағасы өскен жоқ. 

Соның ішінде 19 тауар түрінің 6-ның бағасы өзгеріссіз қалса, 8 тауар түрі 0,4% қымбаттады, ал 5 тауар түрі керісінше 1%-2% арзандады.

Жыл басынан бері әлеуметтік азық-түлік бағасы 10,4% қымбаттады. Ал өткен жылдың осы уақытынан бері қымбатшылық 11,3% құрады. 

Әлеуметтік маңызды азық-түлктердің ішінде ең қатты қымбаттағаны күнбағыс майы былтырғыдан бір жарым есе қымбаттап кеткен, артынша көкөніс, қант және қарақұмық айтарлықтай қымбаттады. 

Айта кетерлігі, тамақтың қымбаттауы тек Қазақстанда ғана емес, жалпы әлем бойынша байқалуда. Мәселен, Еуроодақ елдерінде тамақ қазан айында 2% қымбаттаса, АҚШ-та 5,3% қымбаттады. 

Нәтижесінде Еуроодақта инфляция 2008 жылдан бергі жоғарғы көрсеткішке жетіп, 4,1% болса, АҚШ-та қымбатшылық 6,2% болды.

Қазақстанда биыл астық бағасы 16,5% қымбатағанын да айта кету керек. Нәтижесінде ұн 10,4%, макарон 10,3%, нан 5,9% қымбаттады.