Елорда әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері ірі сауда желілеріне, оның ішінде «Магнум», «Астықжан» және «Смоллға», сондай-ақ «Мир круп» көтерме жеткізушісінің қоймасына тұрақты негізде мониторинг жүргізуде. Қазіргі уақытта тек осы нысандарда шамамен 300 тонна қант бар.
«Қанттың бір килограмы 470-480 теңге бағамен сатылады. Біз айналым тетігі аясында қарыз алған «Мир круп» ірі жеткізушісінің қоймаларындамыз. Қарыз алушы Тараздық қант зауытымен жеткізуге тікелей шарт жасасты, бұл шамамен 3 мың тонна. Қазіргі кезде басқармамен жалпы 4 мың тоннаға жуық қант әкелуге келісімшарт жасалды», - деді Азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.
Айта кетейік, қалаға қант жеткізу тұрақты негізде және кідіріссіз жүргізілуде. Апта соңына қарай
«Мир круп» қоймасына тағы 5 вагон қант келеді, бұл шамамен 350 тонна. «Магнум» және «Смолл» сауда желілері айдың соңына дейін тағы 136 тонна келеді деп күтілуде. Өнім апта сайын жеткізілуде.