2026 жылдың қаңтарында Қазақстанның көптеген қаласында қайталама тұрғын үй нарығындағы баға өсті. Астанада орташа баға тарихи межеден асып, шаршы метріне 600 000 теңгеге жетті.
Бір ай ішінде баға қалай өзгерді?
Krisha.kz мониторингі көрсеткендей, Қазақстан бойынша пәтерлер желтоқсан айымен салыстырғанда орта есеппен 2% қымбаттаған. Қаңтар айындағы ең жоғары өсім Астанада +5.2% тіркелді.
Қайталама нарықтағы шаршы метр құны қанша?
Қаңтар айының қорытындысы бойынша елімізде қайталама нарықтағы орташа баға 1 шаршы метр үшін 419 126 теңгені құрады.
Ең қымбат қалалар:
Алматы — 804 695 тг/ш.м;
Астана — 601 740 тг/ш.м;
Шымкент — 490 000 тг/ш.м.
Ең арзан қалалар:
Қызылорда — 269 083 тг/ш.м;
Тараз — 321 653 тг/ш.м;
Ақтөбе — 324 013 тг/ш.м.
Баға бір жыл ішінде қалай өзгерді?
2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, Қазақстанда қайталама нарықтағы баспананың орташа бағасы 9% өсті.
Еліміздің ешбір қаласында баға төмендеген жоқ.