Биылғы жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда орташа айлық атаулы жалақы 312 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 24% артық. Жалақының сатып алу қабілеті 8,9% өсті, деп хабарлайды finprom.kz.

Салыстыру үшін: өткен жылдың осы кезеңінде орташа айлық атаулы жалақы алдыңғы жылдан 18,6% өсіп 251,5 мың теңгені құрады.

Өңірлер бойынша, ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы дәстүрлі түрде Атырау облысында тіркелді: 506,3 мың теңге, былтырғыдан ақшалай түрде 27,1%, нақты мәнде 12,4% көп.

Үздік үш аймаққа Маңғыстау облысы (458,7 мың теңге, нақты мәнде 12,5% өсім) және астана (393,5 мың теңге, нақты мәнде 0,1% аз). Айта кетейік, елорда жалақының сатып алу қабілеті аздап болса да төмендеген жалғыз аймақ. Басқа аймақтарда нақты жалақының өсімі 4,7%-дан 16,9%-ға дейін ауытқиды.

Ең төменгі орташа айлық атаулы жалақы Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: бар болғаны 232,8 мың теңге, былтырғыдан нақты мәнде 8,1% көп. Оның алдында Жетісу облысы (241,4 мың теңге, сатып алу қабілеті 10,7% артқан) және Шымкент (248,5 мың теңге, 7,9% көбейген).

Салалар бойынша ең жоғары жалақы дәстүр бойынша тау-кен өнеркәсібінде: 592,3 мың теңге, былтырғыдан нақты мәнде 12,6% көп. Үздік үштікке сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметі (588,2 мың теңге, былтырғыдан сатып алу қабілеті 9,3% көп) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (421,6 мың теңге, 3,8% көп) кірді.

Бұл ретте ең төменгі номиналды жалақы сумен жабдықтау және қалдықтарды басқару секторында, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында тіркелді.

2022 жылғы 22 тамыздағы орташа айлық «таза» жалақы бойынша елдердің рейтингінде, Numbeo мәліметінше,Қазақстан 105 елдің ішінде 78-орында. Қазақстандағы «таза» жалақы 409,3 АҚШ долларын құрады.

ТМД елдерінің ішінде ең жоғары жалақы Ресей, Беларусь және Арменияда тіркелді. Қазақстандағыдан төмен көрсеткіштер Молдовада, Украинада*, Әзірбайжанда және Өзбекстанда байқалды.

Ең жоғары жалақы Швейцария, Сингапур және Аустралияда, ең төменгісі Шри-Ланкада.