Астанада өтетін CONNECTED-2024 конференциясына 20-дан астам елден 1500 делегат қатысады, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
18-19 қазан Астанада «CONNECTED-2024: келешектің бейнесін пайымдау» халықаралық конференциясы өтеді.
Конференцияда болашақты модельдеу және болжау, ЖИ дамуы, білім саласындағы жаңашылдық және т.б. тақырыптар талқыланады.
Спикерлер қатарында Нобель сыйлығының лауреаттары, ғалымдар, жазушылар, мемлекет қайраткерлері, әлемдегі жетекші EdTech-компаниялардың негізін қалаушылар мен өкілдері (Герд Леонгард, Марк Миневич, Юнес Бенсоуда, Рае Квон Чунг, Йонг Джао, Питер Франкопан және т. б.) бар.