POLY компаниясы бір жыл ішінде 100%-дан астам табыс көрсетті.
Тура бір жл бұрын Астана халықаралық қаржы орталығының AIX биржасында аталған компания акцияларын шығара бастаған еді.
Компания Ресей мен Қазақстанда алтын мен күміс өндірумен айналысады. Қазақстандағы өндірісі Қызыл және Варваринское деген кен орындарында.
Бір жыл бұрын компанияның акциялары 10,17 АҚШ доллары болған еді. Қазіргі таңда акция басы 21 АҚШ долларына саудалануда.
Сонымен қатар 2019 жылдың мамыр айында компания әр акцияға 0,31 АҚШ долларынан дивидент төлеген еді.
Компания акциясының қымбаттауына оның өндірістік көрсеткішінің және алтын бағасының өсімі әсер етіп отыр.
Жалпы, әлем тұрақсыз болған кезде алтын бағасы өседі. Соңғы жылдары сауда соғысының басталуы мен қазіргі пандемияның өршуі алтын құнын көтеріп тастады.
Айта кетейік, Полиметал компаниясы Астана қаржы орталығының биржасынан бөлек Лондон биржасында да саудаланады.