Короновирус дағдарысының іскерлік белсенділікке теріс әсеріне қарамастан 2020 жылдың үш тоқсанында «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушы компаниялары мемлекеттік бюджетке 5,678 млрд теңге салық пен төлем төледі. Салыстыру үшін айта кетейік, 2019 жылдың 12 айында көрсеткіш 6,99 млрд теңге болған еді.
2023 жылға дейін өзін өзі ақтайтын деңгейге шығу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, қаржы орталығы екінші жыл қатарынан бюджеттік өтінімді қысқартты. 2020 жылғы өтінім 13,074 млрд теңге болса, 2021 жылға 11,821 млрд теңгені құрады. Алдағы уақытта бюджеттік өтінім 2022 жылы 9,9 млрд теңгеге, ал 2023 жылы 9,1 млрд теңгеге азаймақ.
АХҚО шығындарды оңтайландыру және қатысушы компаниялардан жиналатын салық есебінен, сонымен қатар қаржы орталығының органдары мен ұйымдарының өзіндік табысы есебінен өзін өзі ақтайтын деңгейге жетпек.
2020 жылы АХҚО-ның бюджеттік өтінімі 2019 жылмен салыстырғанда 40% азайды. 2019 жылы көрсеткіш 20 млрд теңге болған еді.