Алматы мен астанада баспана құрылысы азаяды, деп хабарлайды LS Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, бұл екі қалада үй салуды азайтуға мәжбүрлі барып отыр. Өйткені қос мегаполисте жаңа үй салуға инженерлік желілер дайын емес.
Бұған дейін Алматыда 2022 жылы 3,4 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, бірақ енді жаңа жоспар бойынша 1,5 млн шаршы метрден асырмау керек.
Ал Нұр-Сұлтанда 2,3 млн шаршы метр үй салу жоспарланған. Оны 2 млн шарш метрмен шектемек.
Ары қарай екі қалада жыл сайын ары кетсе 10 пайызға көбейтуге ғана рұқсат берілмек.
Жаңа шектеулерді Президент те қолдап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы екі айда Қазақстанда үй бағасының арзандап бара жатқынын жазған едік.
Министрлікте атап өткендей, бұл қалаларда инженерлік инфрақұрылым, ауыз су, жылу және электрмен жабдықтау, кәріз және нөсер ағындарын бұру, сондай-ақ, энергия көздерінің тапшылығы бар. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін орналастыру үшін бос жер учаскелері қалмаған.
2022 жылдың басында Нұр-Сұлтанда халық саны 1,24 млн адамды құрады. 2025 жылға қарай елордалықтар 1,48 млн (+240 мың адам) болады деп күтілуде. Алматыда – 2,17 млн адамға дейін өсуі мүмкін 2,02 млн адам (+150 мың адам).
Халықтың осындай өсуімен Нұр-Сұлтанда 2025 жылға қарай 11,48 млн ш.м., ал Алматыда – 4,38 млн ш. м. үй салыну қажет.
Елордада су тұтыну тәулігіне 155 мың текше метрге өседі (қазір 305 мың текше метр). Алматыда өсім 336,2 мың текше метрді құрайды (қазір 655,8 мың текше метр).
Нұр-Сұлтандағы ағымдағы қажеттілікті ескере отырып, тазартуды талап ететін сарқынды сулардың көлемі жылына 188 млн текше метрді, Алматыда жылына 233,6 млн текше метрді көрсетіп тұр.
Жаңа құрылысқа электрмен жабдықтау қажеттілігі елордада жылына 8 млрд кВтс және Алматыда жылына 1 млрд кВтс. Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа құрылысты жылумен жабдықтаудағы тапшылығы ағымдағы жағдайды ескере отырып, 53,6 млн Гкал құрайды.
Алматының жаңа құрылысын газбен жабдықтау жылына 98 млн текше метрге жетеді.
"Жақын арада аумақтық даму тұжырымдамасы бекітіледі. Оның шеңберінде тұрғын үй саясатын одан әрі дамыту көзделіп отыр. Ағымдағы жылдан бастап жер ресурстарын тиімді пайдалану, көше-жол желісін дамыту және қоғамдық кеңістіктердің сапасын арттыру есебінен "шаршы метр құрылысынан" жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға көшу жоспарлануда", - деп хабарлады ИИДМ.
Сондықтан аталмыш қалаларда құрылыс жүргізудің кешенді жаңа стандарттары әзірленбек. Биылғы жылы мемлекеттің бақылауымен құрылыс және жобалау бойынша өзін-өзі реттеу жүйесі енгізілмек.