Қазақстанның бірнеше қаласында жаңа үйлер арзандай бастады, деп хабарлайды LS.

Korter.kz сарапшыларының мәліметінше, шілдеде Алматыда жаңа баспананың орташа ең төменгі бағасы шаршы метріне 654,3 мың теңгені құрады. Бұл бір ай бұрынғыдан 0,7%-ға, сәуір айымен салыстырғанда 1,2% арзан. Естеріңізге сала кетейік, сәуірде үй бағасы Алматыда 11,4% қымбаттаған еді. Жалпы, былтырғы шілдеден бері биыл шілдеде үй бағасы Алматы қаласында 5,7% арзан. 

Нұр-Сұлтанда үй бағасы 0,5 пайыз төмендеп, 420,4 мың теңгені құрады. Былтырғыдан 4% төмен.

Шымкентте баға бір айда өзгермей, 402,4 мың теңге деңгейінде қалды. Ал соңғы 12 айда көрсеткіш 5,2% төмендеген.

Түркістан қаласында бір жылда баға 16,1% өсті.

Сондай-ақ жыл ішінде Оралда пәтерлер 18,5%-ға (279,7 мың теңгеге дейін), Семейде – 17,5%-ға (270,4 мың теңгеге дейін), Қостанайда – 5,6%-ға (351,2 мың теңгеге дейін, 5,3-ке) өсті. 5,3% - Өскеменде (379 мың теңгеге дейін), 4,9 пайызға - Ақтөбеде (239,8 мың теңгеге дейін), 4,2 пайызға - Петропавлда (370 мың теңгеге дейін) қымбаттады.

Ақтауда бір жыл ішінде жаңа үйлер 13,5 пайызға арзандап, 265,8 мың теңгені құрады. Көкшетауда – 4,3%-ға, 291,7 мың теңгеге дейін, Атырауда – 2,8%-ға, 385,3 мың теңгеге дейін, Қарағандыда – 1,2%-ға, 303,8 мың теңгеге дейін арзандады.

Алматы облысының жаңа орталығы – Қонаевта шілде айында жаңа ғимараттың орташа ең төменгі құны шаршы метрі үшін 357 мың теңгені құрады.