"Astana Finance Days" жыл сайынғы қаржылық конференциясы биыл онлайн-форматта өтетінін қуана хабарлаймыз! 29 маусымнан бастап, бес күн бойы сіз әлемдік сарапшылармен байланыс орнатып, жаңа цифрлық тәжірибе алу мүмкіндігіне ие боласыз.

"Online Astana Finance Days 2020: құбылмалы әлемдегі нарықтар" аясында біз жаңа ахуал жағдайында дамушы нарықтардың проблемаларын қалай шешуге болатынын және олардың экономикасын сыртқы күйзелістерге қалай тұрақты ету керектігін талқылаймыз", деп хабарлайды "Астана" халықаралық қаржы орталығы.

Тіркелген қатысушылар баяндамалардың жазып алынған нұсқаларын тыңдап-көруге, сондай-ақ әлемнің әр түкпірінен келген сарапшыларға тікелей эфирде сұрақтар қоюға мүмкіндік алады.

Өңірдегі ең ірі әрі айтулы онлайн-іс-шараға тіркеліңіз және бұл іс-шара туралы достарыңызға айтыңыз.

Осы онлайн іс-шараға қатысу мүмкіндігін барынша пайдаланыңыз және 2020 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында әлемнің күн тәртібіндегі ең өзекті тақырыптар бойынша пікірталастарға куә болыңыз.