ASTANA FINANCE DAYS 2022 жыл сайынғы конференциясына тіркелудің ашылғанын қуана хабарлаймыз!
Astana Finance Days (AFD) – бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірдегі ең ірі қаржылық конференциялардың бірі. 2018-2021 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 15 000-нан астам қатысушыны тартты. Биылғы конференция «Орнықтылық. Әлеуметтік жауапкершілік. Өсу» тақырыбына арналады.
Қатысушылар мен спикерлерге ыңғайлы болу үшін конференция офлайн және онлайн қатысу мүмкіндігімен гибридті форматта өтеді. Іс-шараға қатысу тегін, тіркелу міндетті.
Офлайн қатысу
AFD іс-шараларына қатысу тіркелген қатысушыларға АХҚО-да орналасқан Аккредиттеу орталығында берілетін бейдждер негізінде жүзеге асырылады. Қатысушының бейджі жабық іс-шараларға кіруді қамтамасыз етпейтініне назар аударыңыз.
Онлайн қатысу
AFD панельдік сессияларының трансляциясы www.astanafindays.org сайтында тіркелген қатысушылар үшін қолжетімді болады.
Байланыс:
afd@aifc.kz – жалпы сұрақтар;
pr@aifc.kz – БАҚ сұрақтары;
visasupport@aifc.kz – визалық қолдау сұрақтары.
Өңірдегі ең ірі іскерлік іс-шаралардың біріне тіркеліңіз және бұл жөнінде достарыңызға айтыңыз.
Толық ақпарат astanafindays.org сайтында.