Президенттік жастар кадрлық резервінің көшбасшысы биржаның басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Astana International Exchange («AIX», «Exchange») Директорлар кеңесі («ДК») AIX басшылығының құрылымына өзгерістер енгізілетіні туралы хабарлайды, бұл өзгерістер акционерлер мен реттеуші органдар мақұлдаған жағдайда 2021 жылғы 23 мамырдан кейін күшіне енеді.
Директорлар кеңесі қазіргі уақытта AIX қаржы директоры болып табылатын Ренат Бектұров 2021 жылғы 24 мамырдан бастап Astana International Exchange басқармасының төрағасы (СЕО) болып тағайындалатынын хабарлайды.
«Ренат Бектұров «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) 2016 жылдан бастап және AIX қаржы директоры болып 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Ренат Бектұров – AIX дамуының ажырамас бөлігі, Биржада жұмыс атқарған уақытта ол өзінің көшбасшылық қабілеттерін толығымен көрсетті. Біз Ренат Бектұровпен биржаны дамытудың келесі кезеңінде ынтымақтас боламыз деп үміт артамыз», деді AIX Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Құсайынов.
AIX басқармасының қазіргі төрағасы Тим Беннетті Директорлар кеңесі басқарма төрағасы ретінде үш жыл мерзімге сайлаған болатын және ол AIX-тің және АХҚО-ның капитал нарықтарын дамыту жөніндегі аға кеңесшісі ретінде қызметін жалғастырады.
Үш жыл ішінде Қазақстандағы капитал нарығының ландшафтын өзгерткен әлемдік деңгейдегі биржа құра алған Беннетт мырзаға Директорлар кеңесі алғыс білдірді.
«Тим Беннеттің халықаралық тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттері оның кәсіби мамандардың керемет тобын жинауына және аз уақыттың ішінде жоғары сапалы инфрақұрылымы мен шетелдік және жергілікті инвесторлардың интеграцияланған экожүйесі бар әлемдік деңгейдегі алаң беделіне ие болып үлгерген биржа құруына, бірнеше ондаған листинг өткізуіне және инновациялық өнімдерді іске қосуына мүмкіндік берді. Біз Беннетт мырза біздердің капитал нарығын дамыту бойынша жұмыстарымызды одан әрі де қолдайды деп күтеміз, сонымен қатар жас басшы Ренат Бектұровтың АІХ-ті одан әрі дамыту міндетін абыроймен атқарып шығуына тілектеспіз. Ренат Бектұров өткен жылы ең үздік көрсеткішпен Президенттік жастар кадрлық резервіне енді. Бұл оның Қазақстанның болашақ көшбасшылыраның қатарында болу әлеуетін көрсетеді», деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов.
Нұрлан Құсайынов АІХ директоры, AIX Директорлар кеңесінің АХҚО атынан мүшесі болып қалады.
AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. "Астана" халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген. АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. https://aifc.kz/