Astana International Exchange Central Securities Depository («AIX CSD») Ресейдің ұлттық есеп айырысу депозитарийінде (ҰЕД) шетелдік номиналды ұстаушы шотын ашты.
Осының арқасында AIX CSD ресейлік нарықтағы клирингтік және есеп айырысу қызметтеріне, сонымен қатар ресейлік қаржылық құралдардың кең спектріне қолжетімділік алды. Сонымен қатар Astana International Exchange («AIX») эмитенттері рубльмен номинирленген бағалы қағаздарды ресейлік инвесторларға да, сонымен қатар қазақстандық инвесторларға да ұсына алатын болады.
«Ресейдің орталық депозитарийіне қолжетімділік алу біз инвесторларымызға ұсынатын мүмкіндіктердің спектрін кеңейтеді және Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуына ықпал ететін болады», - деп атап өтті AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт.
«Біз ҰЕД депоненті болуға қуаныштымыз, өйткені бұл біздің клиенттеріміз үшін инвестициялық шешімдердің жаңа мүмкіндіктерін ашады. ҰЕД – бұл номиналдық ұстау мен есеп айырысу бойынша көрсетілетін қызметтердің кең спектрін ұсынатын жетекші депозитарийлердің бірі. Біз өз клиенттерімізге бағалы қағаздардың ресейлік нарығына тікелей қолжетімділік ұсына алатынымызға қуаныштымыз», - деді AIX CSD Бас директоры Анна Колесниченко.
«Біз AIX, AIX CSD мен олардың клиенттеріне ресейлік бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеу үшін сенімді және технологиялық инфрақұрылымды қуана ұсынамыз. ҰЕД-тің корреспонденттік желісін кеңейту қатысушылардың тәуекелдерін әртараптандырады және ресейлік бағалы қағаздар нарығына инвесторлардың қолжетімділігі үшін көбірек мүмкіндіктер ашады», - деді ҰЕД депозитарлық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Денис Буряков.
Айта кетейік, AIX 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істей отырып, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнестің қаржыландыруды тартуы үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX "Белдеу және жол" бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
AIX CSD – АХҚО қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген, қолма-қол ақшамен жасалатын күнделікті операциялар, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар және депозитарлық қызмет үшін жауап беретін жеке компания. AIX CSD-ның қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі АХҚО комитеті (AFSA) берген коммерциялық лицензиясы бар. AFSA сондай-ақ AIX жанындағы бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің реттеушісі ретінде қызмет атқарады. AIX CSD AIX айрықша меншігі болып табылады.
Ұлттық есеп айырысу депозитарийінің орталық депозитарий мәртебесі бар, «Мәскеу Биржасы» Тобына кіреді. ҰЕД 1996 жылғы 27 маусымда құрылған. ҰЕД АҚ БЕКҰ-да сақтаудағы активтердің жиынтық құны 2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 52,4 трлн рубльге жетті. ҰЕД биржалық есеп айырысулардың барлығын және биржадан тыс есеп айырысулардың көп бөлігін жүргізеді, ресейлік, сонымен қатар шетелдік бағалы қағаздарға қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда ҰЕД-ның 8 елдің орталық депозитарийлері мен халықаралық есеп айырысу-клирингтік орталықтарында шоттары, сонымен қатар бірқатар аса ірі шетелдік және ресейлік банктерде корреспонденттік шоттары бар. ҰЕД 40-тан аса ел эмитенттерінің бағалы қағаздарына қызмет көрсетеді. www.nsd.ru