2024 жылдың бірінші жартысында AIX биржасы бизнестің барлық аспектілерінде, соның ішінде сауда көлемі, листингтер саны және жаңа сауда мүшелерінің қосылуы бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетіп, өзін өңірдегі және «фронтирлы (шекаралық) нарықтар» санатындағы ең жылдам өсіп келе жатқан биржалардың бірі ретінде тағы бір дәлелдеді.
2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша AIX нәтижелері:
- 2024 жылдың алғашқы алты айында сауда-саттық көлемі $707 млн-ға дейін өсті, осылайша 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы $140 млн-мен салыстырғанда бес есе өсті. 2023 жылы сауда-саттық көлемі $582 млн құрады.
- AIX ресми тізіміне 111 түрлі эмитенттің 184 бағалы қағаз шығарылымы кіреді. Бірінші жартыжылдықта шетелдік эмитенттердің облигацияларын қосқанда, жаңа листингтер саны 44-ті құрады.
- Биржа іске қосылған сәттен бастап тартылған борыштық капиталдың жалпы көлемі $4,5 млрд, тартылған үлестік капиталдың көлемі $471 млн құрады.
- AIX және AIX CSD-де 57 сауда мүшесі; оның 26-сы – әртүрлі Еуропа елдерінің, араб мемлекеттерінің, Армения мен Қытайдың компаниялары. 2024 жылы AIX және AIX CSD-ге 9 жаңа брокерлік компания мен кастодиан қосылды. Үш жаңа маркет-мейкер тағайындалды.
- 1,75 млн-нан астам қазақстандықтың AIX Бағалы қағаздар орталық депозитарийінде (AIX CSD) инвестициялық шоттары бар. Он жаһандық кастодианның AIX CSD-де қосалқы шоттары бар.