ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енгенін еске салады. Онда арнаулы салық режимінің (АСР) үш түрі қарастырылған: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізінде және шаруа қожалықтарына арналған режимдер. Бұл туралы МКК-де өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның басқарма басшысы Ерқанат Шыңберген мәлімдеді.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ды қолданғысы келетін салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық режимі туралы хабарлама өткізуге тиіс. Егер хабарлама осы мерзімге дейін берілмесе, олар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауыстырылады.

Хабарламаны мына арналар арқылы беруге болады:

    • Салық төлеушінің кабинеті («Құжаттарды тапсыру» бөлімі — «Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама»);

      • «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы («Сервис» — «ЖК салық режимін өзгерту»);

        • Тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) барып, қағаз түрінде тапсыру;

          Банк қосымшалары арқылы (қазіргі таңда бұл қызмет Kaspi Bank қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» – «ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту» бөлімінде іске қосылған).

          Айта кетсек, бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкерлер салық органдарынан өздерінің салық режимін – оңайлатылған декларацияны немесе жалпыға бірдей белгіленген режимді растау қажеттігі туралы хабарламалар ала бастайтынын жазған едік

          Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және арнайы салық режимдеріндегі өзгерістерге байланысты, қазіргі уақытта жеңілдетілген декларация негізінде, бөлшек салық режимінде, тіркелген шегерім қолданылатын режимде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет болатын