СOVID-19 пандемиясы елдегі шағын және орта бизнеске ауыр тиді. Наурыз айында жұмысын уақытша тоқтатқан компаниялар саны бірден 29,5 пайыз азайды. 2016 жылғы девальвация кезінде де осыған ұқсас жағдай болған еді.

Былтырғы наурыз айынан бері жұмыс істеп тұрған компаниялардың ішінде белсенділерінің көлемі 57 пайыздан 53 пайызға түсті. Ал тіркелгендердің тек 37 пайызы ғана белсенді.

Үкімет екінші деңгейлі банктер арқылы 12 айға дейін 8 пайызбен жеңілдетілген несие қарастырған. Шағын және орта бизнес үшін берілетін несиенің ең жоғары көлемі 3 млрд теңге, жеке кәсіпкерлер үшін 50 млн теңге. Мемлекет осы үшін 600 млрд теңге бөлген.

Жалпы, шағын бизнесті несиелеу көлемі ақпан айымен салыстырғанда 2,04 трлн теңгені құрап, 0,4 пайыз азайған. Ал былтырғы наурызбен салыстырғанда көрсеткіш 5,6 пайыз кем.