2020 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда тұрып жатқан үйлері өздерінің атындағы отбасылардың үлесі 86,8% болды. Яғни, қалған 13,2% жалдамалы үйде тұрады.  

Алайда, әлем бойынша салыстырар болсақ, Қазақстандағы жағдай оншалықты жаман емес. Алайда, шыны керек, Ресейде жағдай бізден жақсы. Ондағы отбасылардың 89%-ы өз үйлерінде тұрады.

Үйі бар отбасылардың көрсеткіші бойынша Румыния (95,8%), Венгрия (91,7%) және Черногория (91%) көшбасшы. 

Ең төмен көрсеткіш Швейцария (41,6%), Гонконг (49,8%) және Германия (50,4%). 

Жалпы, Еуропада жалдамалы үйде тұру қалыпты жағдай саналады. ЕО елдері бойынша орташа көрсеткіш 69,8%.

Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда жан басына 23 шаршы метрден аз келеді. Салыстыру үшін айта кетейік, бұл көрсеткіш Германия 39 шаршы метр, Ұлыбританияда 70 шаршы метр. 

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанда бір үйде орташа есеппен қалалық жерде 3 адам, ауылдық жерде 4 адам тұрады. 

Халықтың 26%-ы бір үйде бес және одан да көп болып тұрады. 

Сонымен қатар, балалы үйдің әрбір оныншысында кемі төрт бадладан. Бұл 2020 жылғы көрсеткіш. Ал соңғы жылғы бейби бумды ескерсек, көпбалалы отбасылардың саны одан сайын көбейген болуы тиіс.