Қазақстанда саяси партияларды қаржыландыру ережесі өзгереді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулыны «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарды.
Енді саяси партияларды бюджеттік қаржыландыру көлемі ең төменгі жалақыға қарай есептелуі керек. Атап айтқанда, қазір саяси партиялар сайлауда алған әр дауысына ең төменгі жалақы көлемінің 3%-ын алады. Жаңа ұсыныс бойынша, бөлінетін қарадатты минималды есептік көрсеткішке қарап белгілеу қарастырылады.
«Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға Мәжілім сайлауында берілген әрбір сайлаушының дауысы үшін ең төменгі есептік көрсеткіштің 0,65 бөлігіне тең болып айқындалады. Республикалық бюджет құрамындағы шығынды жоспарлауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жүзеге асырады», — делінген Саяси қаржыландыру қағидаларының 4-тармағының жаңартылған мәтінінде.
АЕК есеп айырысу бірлігі ретінде пайдаланылған кезде саяси партияларды қаржыландырудың жылдық көлемі инфляция қарқыны бойынша АЕК-тің жыл сайынғы өсуін ескере отырып өсетін болады.
Айта кетейік, қазіргі норма бойынша әр дауысқа 2550 теңгеден (ең төменгі жалақының 3%-ы) келеді, ал жаңа норма қаьылданса, АЕК-тің 0,65 бөлігі (2025 жылы 3932 теңге) 2555,8 теңге болады.