Қазақстандықтар банкте ең көп дегенде 15 млн теңгеге дейін сақтайтын депозиттерге сүйенеді. Бұл сегмент халықтың негізгі бөлігіне тиесілі және бүкіл депозит нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Мұндай дерек Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының есебінде айтылған.
Негізгі сегмент – шағын депозиттер
2024 жылдың соңында жеке тұлғалардың 99,6%-ы 15 млн теңгеден төмен депозиттерге тиесілі болды. Бұл депозиттердің орташа көлемі – 204 мың теңге.
Қордың мәліметінше, мұндай депозиттер халықтың тұтынушылық шығындары мен күтпеген жағдайларға арналған жинағын құрайды.
«Депозиттердің бұл түрі жоғары диверсификацияға ие, яғни шот көп, бірақ әрқайсысының сомасы шағын. Сондықтан инфляция мен валюта бағамындағы ауытқуларға қарамастан, тұрақты өсіп отыр», – дейді қор өкілдері.
2024 жылы бұл сегмент 15,3% ұлғайған. Оның үлесі бүкіл депозит нарығының 49,2%-ын құрайды.
Үлкен депозиттер
15–50 млн теңге аралығындағы орташа сегменттің үлесі – 17,8%, ал 50 млн теңгеден асатын ірі депозиттер – 31,8%.
Айта кетерлігі, ірі депозиттер негізінен шетел валютасында сақталады (63,2%). Ал 15 млн теңгеден төмен депозиттердің тек 22,3%-ы ғана валюталық.
Долларизация төмендеп барады
Сарапшылардың айтуынша, кейінгі жылдары орта және ірі салымшылардың таңдауы біртіндеп теңгеге ауысып келеді. Орта сегментте теңгелік депозиттер 31,8% артқан, ал валюталық өсім небәрі 11,3%. Соның нәтижесінде долларизация деңгейі 20%-ға дейін түсті.
Қандай депозит түрі танымал?
2024 жылы қазақстандықтардың депозит құрылымы мынадай болды:
• мерзімсіз депозиттер – 63,4%;
• жинақ депозиттері – 22%;
• ағымдағы және карталық шоттар – 14,7%.
Жинақ салымдары (ақшаны мерзімінен бұрын алуға қатаң шектеуі бар) бір жылда 67,5%, ал мерзімді салымдар – 27,8% өсті.