2021 жылы еліміздегі ақылы автомобиль жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады.
Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: "Нұр-Сұлтан - Теміртау", "Нұр-Сұлтан - Щучинск", "Алматы - Қапшағай" және "Алматы - Қорғас" республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд. теңге түсті.
Сонымен қатар, елімізде өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: "Тараз – Қайнар", "Шымкент – Қызылорда", "Шымкент – Тараз", "Шымкент – Өзбекстан шеккарасы", "Талдықорған – Қапшағай", "Көкшетау – Щучинск", "Нұр-Сұлтан – Павлодар" автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд. теңгені түсті.