АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге озық технологиялар мен құрал-жабдықтарды жеткізумен айналысатын 275 тұлға мен ұйымға қарсы қосымша санкция салды. Олардың қатарында әлемнің түкпір-түкпіріндегі өндіріс орындарынан станоктарды жеткізетін қазақстандық Kazstanex компаниясы бар. 

Egov.kz хабарлауынша, ол 2014 жылы тіркелген, оның негізін қалаушы және бірінші басшысы — Василий Абрамов.

Бұған дейін қазақстандық DA GROUP 22, Elem Group және KBR-Technologies компаниялары Еуропалық Одақ, АҚШ және Жапонияның санкциялық тізіміне енгізілген болатын. Сауда және интеграция министрлігі олардың барлығы 2023 жылдан бері жабылғанын, Elem Group тарату процесінде екенін айтады. 

Үкімет тарапынан Kazstanex-ке қатысты әзірге ешқандай түсініктеме болған жоқ.