Қыркүйектің басында АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) Қазақстандағы Маңғыстау облысында жалғасып келе жатқан қуаңшылықтан зардар шеккен адамдарға көмек көрсету үшін шұғыл түрде 100,000 АҚШ доллары көлеміндегі соманы беретіні туралы жариялады.
Қазақстанның Қызыл Жарты ай ұйымына USAID қуаңшылықтан зардап шеккен халықтың ең осал топтарына қолдау көрсету үшін 100 000 АҚШ доллары көлемінде грант ұсынды.
Маңғыстау облысында толастамай жатқан қуаңшылық мыңдаған сиыр мен жылқының қырылуына, егіс алқаптарының жойылуына және тұщы судың онсыз да жұтаң ресурстарының сарқылуына алып келді. Мал шаруашылығы осы өңірдегі негізгі кіріс көзі болып табылатындықтан, табиғи апат айтарлықтай залал келтірді. Қуаңшылықтың салдарынан сүт пен ет өндіру көлемі төмендеді. Соның салдары жергілікті халықтың кірістері мен тіршілік етуге қажетті қаржысына кері әсерін тигізуде.
Малдың өлім-жітімінен зардап шеккен 200-ден астам үй шаруашылықтары қаржылай көмек алады. Аталған көмектің мөлшері үй шаруашылығының әрбір мүшесі үшін күнкөріс минимумына сүйеніп есептеледі – бір үй шаруашылығына шаққанда 170 000 теңгеге дейін. Жағдайды бағалап, көмекке көбірек мұқтаж үй шаруашылықтарын анықтағаннан кейін қаржылай көмек алушылардың банк шоттарына аударылатын болады.