2023 жылдың ақпан айында алынған зейнетақы жинақтарының сомасы 11 млрд теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,6 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды БЖЗҚ.
Барлық қаражаттың үштен екісі дерлік тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды – 7,5 млрд теңге (3,4 мың өтініш толтырылды). Оларды пайдаланудың ең көп тараған бағыты тұрғын үй сатып алу кезінде толық есеп айырысу болды – 4,6 млрд тегңге. Нысаналы депозиттерді толықтыруға 1,1 млрд теңге, ипотеканы ішінара немесе толық өтеуге 1,1 млрд теңге, бастапқы жарнаны төлеуге және ипотека алуға 469 млн теңге бөлінді. Тағы 146 млн теңге басқа мақсаттарға бөлінді.
Салымшылар емделу ақысын төлеу үшін шоттарынан 3,5 млрд теңге шығарды (2,8 мың өтініш толтырылды). Көбіне – тіс дәрігерлеріне төленеді.
Алынған қаражаттың аз ғана бөлігі басқарушы компанияларға берілді – 26 млн теңге (10 орындалған өтінім)