Бір айдын ішінде тұтыну бағаларының индексі (2023 жылғы ақпан) 1,3% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,8%, ақылы қызметтер 1,3% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, ақпанда:
- пияз – 28,5%
- қызанақ – 17%
- ақбас қырыққабат – 10,9%
- қияр – 9,8%
- қызылша – 5,4%
- тәтті бұрыш – 4,7% қымбаттаған
- күріш – 4,4%,
- салқындатылған балық – 3,6%
- консервіленген сүт – 2,8%
- батон мен шоколадпен глазирленбеген кәмпиттер – әрқайсы 2%
- майлылығы 2,5% айран мен тұздалмаған сары май – әрқайсысы 1,8%
- пастерленген сүт – 1,6% өскен.
Осы ретте айлық мәнде құмшекер 2,3%, қарақұмық жармасы 1,5%-ға арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде бағаның ең көп өсімі ақпанда жуу және тазалау құралдарында байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда
- кір сабын – 2,8%
- кір жуу ұнтағы, ыдыс жууға арналған құралдар – әрқайсысы 2,5%
- ағартқыштар – 2,4%
- дәретхана қағазы 2,1%
- баллондағы сұйытылған газ 1,6% қымбаттады.
Жолаушы тасымалындағы баға бойынша
- әуе көлігінің қызметтері – 21,5%
- темір жол көлігінің қызметтері 2,3%
Коммуналдық қызметтер бойынша
- орталықтан жылыту тарифтері – 7,1%
- ыстық су – 6,3%
- су бұру – 3,1%
- тұрғын үйді күтіп ұстау – 1,8%
- суық су – 1%
- электр энергиясы 0,7% өсті.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Алматы облысында – 1,8% (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгісі – 0,7% Қызылорда облысында тіркелді.
Аймақтық бөліністе азық-түлік тауарлары Қарағанды облысында – 2,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – Жетісу облысында – 1,4%-ға, ақылы қызметтер Павлодар облысында – 2,9%-ға ең жоғары өсім көрсеткен.
2023 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 21,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер 15% өсті.
2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда
- пияз – 105%
- кір сабын – 90,3%
- кеңсе тауарлары – 71,8%
- қияр – 56,8%
- ағартқыштар мен балалар сабыны – әрқайсысы 56,3%-дан
- қант – 55%
- консервіленген сүт – 49,1%
- күріш – 44,9%
- макарон өнімдері – 41,1%
- ұн 40,2% қымбаттаған.
Жылдық мәнде, керісінше, ақбас қырыққабат 30,1%-ға арзандады.
*2023 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 28,6% құрады.