2025 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 16 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-қазаннан (салыстырмалы бағамен) 13,1% көп. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі Ақмола (55,4%), Павлодар (50,3%), Жамбыл (38,3%) облыстарында, Астана қаласы (31,4%), Ақтөбе (29,1%) және Түркістан (24,2%) облыстарында байқалды.

Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялардың төмендеуі Атырау (29,7%) және Абай (0,9%) облыстарында тіркелді.

Инвестицияның едәуір үлесін Астана қаласы (12,1%) және Алматы қаласы (10,3%) алады.


Жалпы республикалық күрделі салымдар көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асырады.

Жалпы шығындардың 67,5% ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына және жалпы көлемнің 28% машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

Инвестицияларды қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, олардың көлемі 2025 жылғы қаңтар-қазанда 10 трлн теңгені немесе жалпы көлемнің 62,9% құрады.

Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 22,8% құрады, бұл ретте 2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 32,1% ұлғайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк саласының үлесі 3% алады.

2025 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке (38,2%) (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына (15,2%), өңдеу өнеркәсібіне (10,6%)), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (18,7%), көлік және қоймалауға (18,1%), білім беру (6,5%) және ауыл, орман және балық шаруашылығы (5,4%) тиесілі.