2026 жылдың алғашқы аптасында Қазақстан қор биржасы рекорд жасады: 4 жұмыс күні ішінде 4%-ға жетер-жетпес өсті.
Соның ішінде Қазатомөнеркәсіп, Kaspi, ЦентрКредит банкі, ҚазТрансОйл мен Қазақтелеком алға сүйреді, Air Astana мен KEGOC-тың айтарлықтай арзандауы көрсеткішті түсіре алмады.
Сонымен қатар, Freedom Holding Corp пен ForteBank акциясы айтарлықтай өсті.
Күміс құны былтырғы қарқынынан жаңылған жоқ, мұнай мен алтын да тұрақты өсіп келеді.
