Өткен аптада қатты өскен қағаздар осы аптада шамамен сол бағасында қалды. ҚазМұнайГаз бен ҚазТрансОйл тағы да 3-4 пайыздан артық өссе, Қазатомөнеркәсіп жыл басынан бергі қымбаттауын жалғастыра түсті.
Kaspi акциясы аяқ асты арзандап, мұнайдың қымбаттауы Air Astana акциясына кері әсер етті.
Алтын-күміс апта қорытындысы бойынша өзгеріссіз қалса, қара алтын бағасы 100 доллардан асқаннан кейін апта ішінде 90 доллардан төмендеп кеткеннен кейін қайта өсіп, Астана уақытымен 18:00-де қайта 100 долларды маңайлай түсті.
