Жалдамалы жылжымайтын мүлік иелеріне арналған Қазақстандық сервис Ресей нарығына шықты.

Қазақстандық ApartX стартабы жеке инвестордан $ 115 000 инвестиция тартты. ApartX қызметі - бұл тәуліктік жалға берілетін пәтер иелеріне арналған мобильді қосымша. Қосымша арқылы ақылды құлыптардың көмегімен нысандарды қашықтан әрі қауіпсіз түрде басқаруға боладыі. Ақылды құлыпты орнатқаннан кейін пәтер иелері жалға алу мерзіміне байланысты уақыт бойынша шектелген PIN-кодтарды жасақтайды. Ақпарат жалға алушыларға смс немесе хабарлама арқылы жіберіледі. Сондай-ақ, қосымша Airbnb, Booking сияқты пәтерлерді жалға беру платформаларына автоматты түрде синхронизация жасайды.

Жобаның негізін қалаушы Қанат Келдібековтың айтуынша, тартылған инвестициялар Ресейден келген клиенттермен шарт жасасуға көмектеседі: "Біз Нұр-сұлтан, Алматы және Мәскеу қалаларында жұмыс істейміз. Мәскеу мен Алматыда 20 клиенттен, Нұр-Сұлтанда - 15 клиент. Қазіргі уақытта Мәскеудің 200 шақты клиенттерімен, сондай-ақ Қарағанды және Көкшетау қалаларындағы клиенттермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Тартылған инвестициялар бізге осы клиенттермен қызмет көрсету шартын жасасуға көмектеседі".

"Соңғы 4 айда біздің сервис арқылы тапсырылған пәтерлер саны 3 мыңнан асты. Осылайша, біздің клиенттеріміз кілттерді жеткізудің өзіне ғана $9 000 қаражатын үнемдеп үлгерді. Жалпы кілттерді жеткізу $3-ға бағаланады", - деді Қанат Келдібеков.

"Клиенттерімізге жүйенің қауіпсіздігі үшін кепілдік береміз. Біздің бірінші клиентіміздің теледидары бір жылда 7 рет ұрланған. Пәтер иесіне келтірілген шығын шамамен бір миллион теңгені құрады. Әдетте жалға алушылар үй иесі кілттерінің дубликаттарын жасап алып, құлыпты бұзбай-ақ тұрмыстық техниканы, бағалы заттарды ұрлауы мүмкін. Бізде ақылды құлып жүйесінде PIN-код жасалған. Пәтер иесі оны кез келген уақытта біздің мобильдік қосымшамада ауыстыра алады", - деді Қанат.

Жобаның негізін салушының сөзінше, Қазақстан мен Ресейде бұл сервистің аналогы жоқ: "ақылды құлыптарды сатуға маманданған шетелдік компаниялардан басқа тікелей бәсекелестер жоқ. Әрбір ақылды құлыптың өздік пайдалануға арналған мобильді қосымшасы бар. Ал біз бизнеске бағытталғанбыз, яғни біздің қосымшамыздың функционалы біздің клиенттерімізге пәтерлерін жалға бере отырып табыс табуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, тек бір клиенттің өзінде бірнеше ақылды құлыптар болуы мүмкін, барлығы жалға беретін пәтерлердің санына байланысты”.

Біз құрылғыларды өндірмейміз, біздің міндет - бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу. Оған қоса, Қытайда өндірілген ақылды құлыптардың 50-ден астам түріне және 80%-дық өндіріс ауқымына қосыла аламыз. Бұл - ТМД елдері аумағындағы ең үлкен ассортимент. Бәсекелестерде құлыпты орнату 3-4 сағат уақытты алса, біздің құлып 5 минут ішінде ғана орнатылады".

ApartX стартабы - Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысушысы және Road Show Astana Hub халықаралық бағдарламасының қатысушысы. 2018 жылы "Қазақтелеком" АҚ-ның бағалауымен үздік IoT стартап деп танылды. Бүгінде жоба командасында 5 адам жұмыс істейді.