2024 жылы Қазақстандағы ірі алтын өндірушілердің бірі – RG Gold компаниясының табысы күрт артты. Жыл қорытындысы бойынша таза пайдасы 80,5 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылғы 46 млрд теңгемен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Бұл – компанияның тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Компанияның жалпы кірісі 2024 жылы 221,8 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғы 167,7 млрд теңгеден асып түсті. Алайда бөлінбеген пайда көлемі аздап қысқарып, 103 млрд теңгені көрсетті (2023 жылы – 120 млрд теңге).
2024 жылы RG Gold акционерлеріне 97,5 млрд теңге дивиденд жариялап, салықты алып тастағанда 82,5 млрд теңге төледі.
RG Gold өндірісінің негізгі көзі – Ақмола облысындағы Солтүстік және Оңтүстік Райгородок кен орындары. Сонымен қатар компания Ковалевский кен орнында барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Алтын құрамдас өнімдердің негізгі сатып алушылары: «Қазцинк» ЖШС – 68%; «Тау-Кен» ЖШС – 32%.
Компанияның дерегінше, кірістің басым бөлігі құрамында кемінде 70% алтын мен күміс бар Доре қорытпасын сатудан түскен.
Финесепке сәйкес, RG Gold толықтай Cantech S.a.r.l. компаниясына тиесілі. Ал ол өз кезегінде Швейцариядағы Timebrlay S.A. арқылы сенімді басқаруда. Бенефициарлар қатарында кәсіпкер Булат Өтемұратовтык отбасы мүшелері және АҚШ-та тіркелген Resource Capital Funds тобы бар.