Әлемдік нарықта бағалы металдардың құны тарихи деңгейге жетті. Алтын бағасы алғаш рет 5,3 мың долларлық межеден асты.
Investing.com мәліметінше, алтын бағасы бір айдың ішінде ғана 17,2% өскен. Бұл — соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Алтын унциясына 5 300 доллардан асты. Ал күміс бағасы бір сәтте 112,3 долларға жетті. Небәрі бір айдың ішінде бұл металл 60%-ға жуық қымбаттаған.
