АЛМЭКС акционері және Halyk Bank кемінде 12 млн ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхат), яғни, банк акциясының шамамен 4%-ын сату бойынша ашық ұсыныс пен өтінімдер жинауды бастағанын хабарлады. Букбилдинг қорытындысы бойынша бұл көлем ұлғаюы мүмкін. Мақсат — акциялардың өтімділігін арттыру және акционерлік базаны әртараптандыру.

Ұсыныс Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылатын халықаралық ЖДҚ-ларды (жаһандық депозитарлық қолхат), сондай-ақ Қазақстан инвесторларына AIX-те (ЖДҚ) және KASE-де (акциялар) қолжетімді жергілікті ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхат) мен акцияларды қамтиды.

Банк бұл мәміледен қаражат алмайды.

Үйлестірушілер және бірлескен букраннерлер: Citigroup, J.P. Morgan және Halyk Finance.

Айта кетсек, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Құлыбаевтар АЛМЭКС холдингтік тобы арқылы 69,5% акцияға ие; ЖДҚ ұстаушылардың үлесі — 27,9%; басқа инвесторлар мен акционерлердің үлесі 2,6%.