Алматыдан басқа қаланың бәрінде студенттерге жатақхана жетеді — министр

Алматы — студенттерге жатақхана жетпейтін елдегі жалғыз өңір, дейді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның басқа өңірлерінде студенттер жатақханасында орын тапшылығы жоқ.

«Жалпы республика бойынша жатақханаларда орын тапшылығы жоқ. Негізгі мәселе Алматыда. Мұнда тапшылық 5 176 орын. 2026 жылы жалпы сыйымдылығы 6 857 орын болатын 18 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған», — деді Саясат Нұрбек.