2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8% құрады, деп хабарлайды Статистика бюросы.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 501,0 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге.

Ең төменгі атаулы жалақы сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде -154,9 мың теңге және ауыл, орман және балық шаруашылығы бойынша – 167,5 мың теңге белгіленді.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында мұның шамасы 181,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 25,7%-ға төмен.

29102021-1к