Бөлшек сауда көлемі 2021 жылғы қаңтар-қарашада 11654,9 млрд. теңгені құрады немесе 2020 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 6,5% көп, деп хабарлайды Статистика бюросы.
Бөлшек сауданың 34,6%-ын дара кәсіпкерлер, 31,5%-ын шағын кәсіпкерліктер, 22,7%-ын орта кәсіпкерліктер, 11,2%-ын ірі кәсіпорындар жүргізіп отыр.
2021 жылғы қаңтар-қарашада республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (31,7%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,3%), Қарағанды (8,9%) және Шығыс Қазақстан (8,5%) облыстарына келеді.
Өсім қарқыны бойынша ең жоғары Алматы қаласы (13,3%), Шымкент қаласы (9,8%), Маңғыстау облысы (8%), Түркістан облысында (6,8%).
Солтүстік Қазақстан облысында көрсеткіш былтырғыдан өзгермесе, Павлодар облысында 0,1% ғана өсім.