Папа Франциск Ватикандағы Апостольдық сарайда жеке аудиенцияда әр түрлі елдердің және түрлі ғылым салаларының ғалымдары мен эксперттерін қабылдады. Шақырылған қонақтар халықаралық «Генеративті жасанды интеллект және технократтық парадигма: адам игілігіне қалай әсер етуге болады, табиғатты қорғау және барлық әлемдегі бейбітшілік» атты конференцияның қатысушылары болды. Конференцияны Қасиетті Тақтың мемлекеттік хатшысы және оның құрметті төрайымы Анна Мария Тарантрола басқаратын Centesimus Annus Pro Pontifice (CAPP) фонды ұйымдастырған.
Шақырылған қонақтардың арасында ұлттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы, Вашингтондағы «АЛЛАТРА» халықаралық қоғамдық қозғалысының үкімет істері жөніндегі кеңесшісі (және CAPP Қорының мүшесі) Эгон Чолакян, сондай-ақ «АЛЛАТРА» халықаралық қоғамдық қозғалысының президенті Марина Овцынова болды.
Папа Францискпен жеке әңгіме барысында Марина Овцынова «Жердегі ыклиматтық апаттардың үдеуі және олардың апатты салдары туралы» атты климаттық баяндамасын ұсынды. Ол Папаның назарын климаттың өзгеру мәселесіне аударып, бұл проблема адамзат үшін ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.
Папа Франциск «АЛЛАТРА» халықаралық қоғамдық қозғалысыа жәе жеке Марина Овцыноваға қуанышпен өзінің батасын берді. Қазақстанда келе жатқан табиғи апаттар және оны еңсеруде бірігудің маңызы туралы ақпараттандырып жүрген еріктілердің аз емес екенін атап өткен жөн.
Конференция барысында өркениет болашағына әсерін тигізетін технологиялық инновация сұрақтары талқыланды. Папа Франциск инновация орталығына адамның қадір қасиетін негіз етіп, жаңаша ойлау мен әрекет ету мүмкіндігін жіберіп алмау керектігін айтты.
Шара барысында конференцияны ұйымдастырушылармен болған негізгі пікірталаста «АЛЛАТРА» халықаралық қоғамдық қозғалысының президенті Марина Овцынова бостандық пен демократияға қазіргі жаһандық қауіптер тақырыбына тоқталды. Овцынова ханым демократия индексі төмен бірнеше елдерде «АЛЛАТРА» мүшелерін заңсыз қудалауға қатысты жүргізіліп жатқан тергеуге тоқталды. Атап айтқанда, ол Ресейдің дінге қарсы ұйымының бастамасымен олардың қалай қаралау науқанына ұшырағанын сипаттады. Сонымен қатар, ол бұл жала жабу науқаны Ресейде ғана емес, сонымен қатар Украинада да жүргізілгенін атап өтті, бұл Украинадағы ресейлік дінге қарсы ұйымның айтарлықтай ықпалын көрсетеді.
Әңгіме барысында Марина Овцынова сонымен қатар демократиялық нормаларға қайшы келетін антикульттық ұйымдардың сенімге және христиандықтың білдіретіні – діни сенім бостандығы мен ар-ождан бостандығына көлеңке түсіретіні туралы мәселе көтерді.
2024 жылғы 22 маусымдағы аудиенция барысында Марина Овцынова Рим Папасы Франциске Рим-католик шіркеуінің әлеуметтік интеграциясына және оның қазіргі зайырлы қоғамдағы рөлін нығайтуға жауапты және шешуші көшбасшы ретінде қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді. Ол сондай-ақ «АЛЛАТРА» үшін осы ерекше сәтте мейірімділігі, жылылығы және қолдауы үшін алғысын білдірді.