S&P Global Ratings агенттігі қазақстандық төрт банктің рейтингін бағалады.
Атап айтқанда Жусан банкінің рейтингі жақсартылса, Каспи банкі бұрынғыша қалды. Ал РБК банкі мен Альфа банкінің рейтингі төмендеді.
Жусан банкінің кредиттік рейтингі бір сат көтеріліп, «В/В» деңгейіне жетіп, "тұрақты" деп бағаланды. Агенттіктің мәліметінше, банктің қоры дағдарысқа төтеп беруге жеткілікті.
Каспий банк рейтингі бұрынғы «ВВ-/В» деңгейінде "тұрақты" сақталды. Агенттік Каспи банктің қазіргі дағдарыста қауіптің бір бөлігіне төтеп бере алатынын айтады.
Альфа банкінің рейтингі бұрынғы "позитивтіден" "тұрақтыға" төмендеп, «ВВ-/В» деп бағаланды. Агенттің сарапшыларының айтуынша, банк теңге бағамының төмендеуі себепті 12-18 айға дейін қысымнан шыға алмайды.
Ал РБК банкінің қарыз алушыларының төлем қабілетінің төмендеуі де өз кезегінде бұл банктің рейтингіне кері әсер етпек. Банктің рейтингін агенттік "позитивтіден" "тұрақтыға" төмендетіп, «В-/В» деп бағалады. Сарапшылардың пікірінше, алдағы 12-18 айда банктің негізгі табыс көзі төмендеуі ықтимал.