2025 жылдың 2 қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір жылда 9,6% қымбаттады. Бұл – тамыздағы 9,5%-дан жоғары көрсеткіш. Жыл басынан бері өсім 7,8%-ды құрады. Апталық динамикада айтарлықтай өзгеріс жоқ.
Қай өнімдер қымбаттады?
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттау көрсеткіші мынандай болды: сәбіз – +30,7%, сиыр еті – +22,1%, пияз – +15,2%, күнбағыс майы – +14,7. Жылдық рекорд күнбағыс майы (+30,8%) мен қырыққабат (+30,6%) бағасында тіркелді.
Қай өнімдер арзандады?
Күріш – –15,9%, ұн – –3,1%, қарақұмық – –0,2% арзандады. Апталық төмендеу пияз (–6,6%), қырыққабат (–6,0%), картоп (–3,9%), сәбіз (–2,5%) бағасында байқалды.
Өңірлердегі ерекшелік
Жезқазғанда жылдық өсім +18,3%, күнбағыс майы +46,1% (928 тг/литр – елдегі ең қымбат), Ақтөбеде +15,7%, ас тұзы +42,9%, Семейде +12,8%, қырыққабат +59,4% тіркелді. Рекорд бағалар: Ұн – Ақтау: 309 тг/кг, нан – Алматы: 273 тг/кг, сиыр еті – Көкшетау: 3 469 тг/кг, қант – Өскемен: 471 тг/кг, жұмыртқа – Алматы: 624 тг.